«Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығы (2026.20.11. берілген өзгерістермен)

Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптарды, оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 қазандағы № 567 бұйрығы

(2026.20.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.03.11. № 740 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 161-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тексерудің стандартты файлына қойылатын талаптар;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тексерудің стандартты файлын жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. «Стандартты тексеру файлының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1092 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16295 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етілсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.03.11. № 740 бұйрығымен талаптар жаңа редакцияда (2026 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Реcпубликасы

Қаржы министрінің

2025 жылғы 3 қазандағы

№ 567 бұйрығына

1-қосымша 

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.